Саяси сахна

Қырғызстан БҰҰ мінберінен шекарадағы шиеленіске Қазақстанды айыптады

  • © Sputnik

    © Sputnik

Бішкектің ресми өкілі Біріккен ұлттар Ұйымның шарасында сөз сөйлеп, Қазақстан шекарада жасанды кедергілер жасап отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.


Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, БҰҰ Бас Ассамблеясы Екінші комитетінің жұмысы аясында бірнеше қарар қаралған. "Дамушы елдерді саяси және экономикалық қыспаққа алу құралы ретіндегі біржақты экономикалық шаралар" деп аталатын қарарды қарау барысында Қырғызстанның ресми өкілі Мейіргүл Молдаисаева мәлімдеме жасады. Ол 10 қазаннан бастап Қазақстан тарапынан адамдарды, көліктер мен тауарларды шекара арқылы өткізуге жасанды кедергілер енгізіліп жатқанын атап өтті.


Молдаисаева БҰҰ-ға мүше елдерге қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы – "Қырғызстанды экономикалық шығынға ұшырату және елдің инвестициялық, туристік тартымдылығын төмендету мақсатында экономикалық және көліктік блокада қолданылғаны туралы" хабарлады.


Қырғызстан "бірде-бір мемлекет өзге елді өзіне қарату мақсатында біржақты экономикалық, саяси және өзге сипаттағы кез келген шараны қолдана алмайды " деп жазылған қарардың басты идеясын қолдады.


Қырғызстан делегациясы қабылданатын құжат екі бауырлас елдің қарым-қатынасын нашарлатып қана қоймай, елдердің тұрақты дамуына тосқауыл болатын кедергілерді тоқтатуға зор серпін беретініне сенім білдірді.


Sputnik


 


 




Көрілген: 3689    Пікірлер: 29

сейсенбі, 21.11.2017, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30