Саяси сахна

Қырғызстан СІМ Қазақстанға нота жолдады

  • © Qamshy.kz

    © Qamshy.kz

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанда қырғызстандықтардың ұсталуына қатысты мәліметтер алу үшін Қазақстан консулына нота берді, деп хабарлайды Қырғызстан ведомствосының сайты.


Бірқатар БАҚ-та 15-16 ақпан күндері жүргізілген контртеррористік операция нәтижесінде Қазақстан Республикасында 29 азамат, соның ішінде расталмаған мәлімет бойынша Қырғызстанның 2 азаматы ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды.


Осыған байланысты министрлік мынаны хабарлайды:


"16 ақпан күні кешке министрлікке шұғыл Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің консулы Е.Әбішев шақырылды. Кездесу барысында Е.Әбішевке Қырғыз Республикасы СІМ-нің аталған мәліметтердің расталуына немесе жоққа шығарылуына, расталған жағдайда ұсталғандар туралы және болған оқиғаның мән-жай туралы толық ақпарат беруге қатысты нота тапсырылды".


Қазақстандық тараптан ақпарат күтілуде. Қырғыз Республикасының министрлігі мен шетелдік мекемелері аталған мәселені бақылауда ұстап отыр.


Естеріңізге салып өтсек, Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады. Олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, криминалитет өкілдері мен Қырғызстанның екі азаматы бар.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1076    Пікірлер: 0

сенбі, 17.02.2018, 13:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31