Саяси сахна

Қытай АҚШ-тан арандатушылықты қоюды талап етті

  • © AP Photo / Andy Wong

    © AP Photo / Andy Wong

Пекин Вашингтоннан суверенитет нормаларын бұзатын және Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін арандатушылық әрекеттерді тоқтатуды сұрайды, деп мәлімдеді ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Кан, деп хабарлайды РИА Новости.


Бұдан бұрын Қытай қорғаныс министрлігі хабарлағандай, USS Higgins эсминеці мен USS Antietam зымыранмен қаруланған крейсері жексенбі күні Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы Парасель аралдарынан 12 миль қашықтыққа өткен.


"Қытай осы әрекеттерге байланысты америкалық тарапқа қатаң наразылығын білдіреді. Біз америкалық тараптан суверенитет нормаларын бұзып, Қытай ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мұндай арандату әрекетттерді тоқтатуды талап етеміз", — делінген Лу Канның мәлімдемесінде.


Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының өкілі атап өткендей, ҚХР өзінің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауда тиісті шараларды атқаруды жалғастыратын болады.


Sputnik


 


 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31