Саяси сахна

Қытай БСҰ-на мүше елдерді АҚШ-тың экономикалық саясатына қарсы тұруға шақырды

  • © interfax.ru

    © interfax.ru

АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы үдеп барады. Қытай АҚШ-тан импорттайтын тауарларға енді БАЖ салығын көтермек. Оның жалпы құны жылына 50 млрд доллардан асады.


Салық АҚШ-тың көлік, ұшақ, ауылшаруашылық тауарлары мен ет өнімдеріне салынады. Қос держава арасындағы экономикалық текетірес шиеленісе түскендей.


Даудың басы Американың Қытайдан келетін шойын мен алюминийге салықты арттыруынан басталған. Қарымта жауап ретінде Аспан асты елі АҚШ фермерлерін алаңдатса, енді көлік, ұшақ, және ауылшарушалық өнімдеріне ауысты.


Ол аздай, Қытай тарапы Трамптың әрекетіне орай ДСҰ-на шағымданатынын айтты.


Чжан Сянчэнь, Қытайдың ДСҰ тұрақты өкілі:


- АҚШ шығарған тізім ДСҰ ұстанымын қатаң бұзып отыр. Сондықтан ұйымның келіспеушіліктерді реттеу механизміне жүгінеміз. Аталған ұйымға мүше елдердің барлығын АҚШ-тың экономикалық саясатына қарсы тұруға шақырамыз.


Қытайдың үндеуіне ұйымға мүше 157 мемлекеттің қалай қарайтыны әзірге белгісіз. Қазақстанға келсек, саясаткерлер біздің ел АҚШ экономикалық саясатына қарсы келмеуі тиіс деген ұстанымда.


Әділ Кәукенов, саясаттанушы:


- Астананың АҚШ экономикалық саясатына қарсы қадамға баруы екі талай. Себебі Америкаға қарсы шығу тиімсіз екенін бәрі біледі. Әсіресе дамушы елдер үшін. Оларға әлемнің ашықтығы әлдеқайда маңызды.


АҚШ Қытайдың әрекетінен шамамен 60 млрд доллардай шығын көреді деп болжанып отыр. Бұл жағдайдан елдегі үлкенді-кішілі компаниялар зардап шегуі әбден мүмкін.


Мысалы, соя өндірушілер осыған дейін Қытайға 20 млн тонна өнім экспорттап отырған. Ал америка сарапшылары мұндай қадам Трампқа тиімді деп ойлайды. Себебі бұл - өз рейтингін көтерудің таптырмас жолы.


Гарвард университетінің профессоры, ішкі проблемаларды тасада қалдыру үшін "Қытай тақырыбы" қолданылып отыр, дейді.


Эзра Фейвел Фогель, Гарвард университетінің профессоры:


- 1980-ші жылдары Жапониямен бәсекелес болғанбыз. Олардың экономикасы дамып, біз қалып қоямыз деп қорыққан едік. Қазір Қытайға қатысты да осындай алаңдаушылық орын алса керек. Американдықтар, басқа елдің экономикасы алға басса, шошынып қарайды.


Ал ДСҰ-ның нендей жауап қайтарары әзірге белгісіз. Бейжің болса белді бекем буып отырғанға ұқсайды. Сондықтан ұйымнан нақты шешім қабылдауын талап етуі де мүмкін.


astanatv.kz


 




Көрілген: 901    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 09:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30