Саяси сахна

Мемлекет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездесті

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездесті.


Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметімен және орталықтың бұдан әрі қарай даму перспективасымен танысты.


Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеңнен бері оның Дубай қаласының ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы мәлімет берілді.


Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын айтты.


Қазақстан Президенті Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды.


Келіссөз соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. 


akorda.kz




Көрілген: 1332    Пікірлер: 26

сейсенбі, 28.03.2017, 15:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30