Саяси сахна

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Кеңеске Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Исақов және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян да қатысты.


Отырыста мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың және экономикалық одақты одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, Еуразиялық экономикалық комиссияның есебін тыңдады.


Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі оған мүше елдердің экономикасына оң әсер етіп отырғаны және интеграциялық үдерістерді күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.


Нұрсұлтан Назарбаев жиында қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарының маңызды екенін айтты.


Сонымен қатар, Қазақстан Президенті 2018 жылы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнайы кездесуін өткізуді ұсынды.


Соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 


akorda.kz




Көрілген: 320    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 18:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31