Саяси сахна

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге құттықтау жеделхатын жолдады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді Мысыр Араб Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.


«Бұл жеңіс – Сізді мемлекеттің мүддесі мен жарқын болашағына қызмет ететін нағыз патриот және еліңіздің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын парасатты әрі тәжірибелі саяси көшбасшы ретінде халқыңыздың мойындауының тағы бір айқын дәлелі.


Мыңдаған жылдық көне тарихы бар Мысыр елі келешекте Сіздің басшылығыңызбен өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарды еңсеріп, орнықты даму жолына түсетініне сенімдімін.


Астана мен Каир арасында орнаған достық қарым-қатынастар бауырлас екі халықтың береке-бірлігі үшін одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта. 


akorda.kz




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.04.2018, 19:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30