Саяси сахна

Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

  • Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

    Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Қытаймен үкіметаралық деңгейдегі диалогтың күн тәртібінде қандастарымыздың мәселесі де бар. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда қиындыққа тап болған қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қандасымыз Қытай үкіметінің қазақтарға істеп отырған қиянатын Елбасыға жеткізді

23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді.


"Жуырда өткен қазақтардың құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрлігіне, басқа тиісті ведомстволарға мәселеле көтерілсе, оны егжей-тегжей екі жақты қарастыру жөнінде нақты тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау барысында бізге ресми түрде мәлімет түссе, міндетті түрде Қытай тарапымен, олардың сыртқы істер министрлігі, басқа да мекемелердегі әріптестерімізбен мәселені көтереміз. Қазақ диаспорасының шетелдегі мүдделері мен құқықтарын қорғау — бұл біздің тікелей міндетіміз", — деді бүгін сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов тілшілердің сұрағына берген жауабында.


Ол Қытаймен ресми үкіметаралық деңгейде қарқынды диалог орнағанын атап өтті. Айтуынша, екі жақты келіссөздер барысында барлық мәселелер талқыланады.


"Құрылтай қорытындысы бойынша Қытайдағы қазақтар, оның ішінде Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында ресми құжаттар алу, шекараны кесіп өту үшін қолға төлқұжат алу бойынша қиындықтар көріп отырғанын анықтадық. Қытайда мемлекеттік қызметтегі қазақтар төлқұжат ала алмай қиналып жүр. Осы мәселелердің бәрін егжей-тегжей зерделеп, саралап, қытайлық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз", — деп мәлім етті министр.


Министр екі жақты келіссөздердің күн тәртібін толық аша алмайтынын айтты.




Көрілген: 774    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.10.2017, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31