Саяси сахна

Министрлік Қазақстанға доқ көрсеткен Соловьевқа қатысты мәлімдеме жасады

  • Министрлік Қазақстанға доқ көрсеткен Соловьевқа қатысты мәлімдеме жасады

    Министрлік Қазақстанға доқ көрсеткен Соловьевқа қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ресейлік журналист және тележүргізуші Владимир Соловьевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жайында айтқанына байланысты пікірін білдірді.


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.


«Мұндай болғанын естідік. Кейде бізбен дос, бауырлас, көрші елімізде мұндай айтылып тұрады. Бірінші кезекте біз Ресейдің ресми үніне құлақ саламыз. Елбасы мен РФ президенті Путин арасындағы келіссөз қорытындысы бәріне аян. Біздің елдер арасында қалыптасқан, конструктивті диалог бар, сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтіп тұрады, сондықтан біз ресми позицияға ғана назар аударамыз», — дейді Ашықбаев журналистер сұрағына жауап беріп.


«Мұның алдындағы жылдардағыдай, сарапшы, қоғам қараткерлері тарапынан айтылған мұндай сөздер стратегиялық ынтымақтастығымызға, екі ел арасындағы бауырластыққа іріткі салмауы үшін шара қолданамыз», — деп түсіндірді министрдің орынбасары.


Мұның алдында «Россия» арнасының тележүргізушісі Владимир Соловьев тікелей эфир арқылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысындағы Қазақстанның дауыс беруіне қатысты тікелей эфирден пікірін айтқан.


«Біз Қазақстанмен қарым-қатынас жайлы бірдеңе білмейміз бе? Бір жерден қара мысық жүгіріп өткен шығар?» — деген еді Соловьев. «Қазақстанды және Нұрсұлтан Әбішұлын өте сыйлаймыз. Бірақ осындай қиын уақытта не болып жатқанын түсінгің келеді», — деп қорытындылаған болатын ресейлік журналист.




Көрілген: 1045    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.04.2018, 17:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31