Саяси сахна

Министрлік Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәліметті тексереді

  • Министрлік Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәліметті тексереді

    Министрлік Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәліметті тексереді

ҚХР-дағы қазақтар шекара асып, сапарлауға ресми құжат алуда, төлқұжатты қолға алуда қысым көріп отыр деген мәліметті ҚР СІМ мұқият тексеріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Біз КХР-дағы қазақтардың, нақтырақ айтсақ, Ұйғыр автономиялық округіндегі Синцзянда шекара асып, сапарға шығарда ресми құжат алуда қиындықтарға тап болып жатқанын анықтадық, КХР-да мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің төлқұжат алуында белгілі бір қиындықтарға тап болып жатқанын білдік. Бұл мәселелерді біз мұқият тексеріп жатырмыз, сараптаудамыз, сондай-ақ, мәселені қытайлық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз. Біздің СІМ-ге ресми тәртіппен түскен өтінішті назарсыз қалдырмаймыз", - деп сендірді министр.


Айтуынша, ведомство Мемлекет басшысынан шетелдегі қазақ диаспорасының мәселесімен айналысуға тікелей тапсырма алған.


"Қазақ диаспорасының шекарадан тыс жердегі мүддесі әрдайым сыртқысаяси қызметіміздің назарында. Құқықтың тапталуы туралы қандай да бір мәлімет түссе, біз осы мәселелерді қытай тарапының алдында көтереміз. КХР-мен ресми үкіметаралық деңгейде қарқынды диалог бар", - деп атап өтті Әбдірахманов.


Алайда, министр Қытайда қазақтар қуғындауға ұшырап жатыр деген мәліметті жоққа шығарды.




Көрілген: 628    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.10.2017, 17:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31