Саяси сахна

Назарбаев АҚШ-қа Ақтау және Құрық порттарын пайдалануға рұқсат берд

  • Назарбаев АҚШ-қа Ақтау және Құрық порттарын пайдалануға рұқсат берд

    Назарбаев АҚШ-қа Ақтау және Құрық порттарын пайдалануға рұқсат берд

 Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен қалпына келтіруге қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы арнайы жүкті транзитпен өткізуді коммерциялық жолмен қамтамасыз етуін қарастыратын заң жобасына қол қойды деп жазады Tengrinews.kz.


Мұның алдында сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілісте 2017 жылы АҚШ тарабы Ауғанстанға арнайы жүкті тасымалдау бағытын өзгертуді сұрағанын айтқан болатын.




"АҚШ тарапы Құрық пен Ақтау портын транзиттік бағытқа қосуды ұсынған. Бұл арнайы жүкті Әзірбайжан аумағынан Каспий арқылы Қазақстанға жеткізіп, ары қарай теміржол арқылы Сарыағаш, Келес және Бейнеу - Қарақалпақстан, Өзбекстан арқылы Ауғанстанға жеткізуге мүмкіндік береді", - деген еді министр.


Мұның алдында ресейлік БАҚ-та "Ақтау мен Құрық порттарында АҚШ-тың әскери базалары орналастырылады" деген ақпарат тарап кеткен болатын. Ресейдегі Қазақстан елшілігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Елшілік мәліметінше, мұның алдында Ресей де АҚШ-пен ұқсас келісім жасасып, арнайы жүкті жеткізуге қатысқан болатын.


Tengrinews.kz.




Көрілген: 933    Пікірлер: 0

сенбі, 05.05.2018, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31