Саяси сахна

Назарбаев: Иен далада астана орнатқан жалғыз ел – Қазақстан

  • Назарбаев: Иен далада астана орнатқан жалғыз ел – Қазақстан

    Назарбаев: Иен далада астана орнатқан жалғыз ел – Қазақстан

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» этно-мемориал алаңында өткен Мемлекеттік ту көтеру мен офицерлік шен тапсыру мерекелік шарасында қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


"Құрметті отандастар, ардақты астаналықтар, елорда қонақтары! Желбіреген көк туымыздың астында туды аспанға көтеріп бүгін елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған барлық шараларды бастағалы отырмыз. Елордамыздың жиырма жылдық мерекесімен шын жүректен баршаңызды құттықтаймын", - деді Елбасы.


Қазақстан Президенті биылғы дәстүрлі мерекенің Астананың жиырма жылдығына тура келіп тұрғанын атап өтті.


"Жиырма жыл деген тарих үшін бір ғана қас-қағым мезгіл. Бүкіл үлкен дүниеде екі ғасырдың тоғысында иен далада Астана орнатқан жалғыз ел ол - Қазақстан. Сол жиырма жылдың ішінде бүкіл Қазақстанымызды паш еткен, неше түрлі дүниежүзілік жиналыстарды өткізетін жер болған, құрметтейтін, өзіміздің қуанышымыз болып саналатын Астанамызға міне, жиырма жыл. Осы жылдың ішінде істеген шараларымыздың барлығы біздің желбіреген көк туымыздың астында өтіп жатыр. Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана - үш ұғым бірдей.


Біздің жалғыз отанымыз бар, ол - Қазақстан. Біздің орындалған арманымыз ол - Тәуелсіздік. Біздің ешкімнің туына ұқсамайтын көк туымыз бар. Ол БҰҰ-дан бастап барлық шетелдегі елшіліктерімізде, өзіміздің әр уақыттағы шараларда көтерілетін ту. Сондықтан туды құрметтеу - сүю дегенменен бірдей. Біздің туымыз болашаққа бастайтын алдымызда көтерген тузымыз. Ата-бабаларымыз жорыққа аттанарда батырларға "туың қисаймасын" деген бата беретін болған. Ол дегеніміз өте үлкен бата, ту елдікпенен бірдей. Сондықтан біз жылда дәстүр бойынша осы күні ту көтереміз. Дәл осы мерекеде әскери жоғары университеттерді бітірген жас ұландарға ең бірінші әскери офицерлік шен тапсырайын деп отырмыз", - деді Елбасы.


Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырған болатын.




Көрілген: 742    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.07.2018, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30