Саяси сахна

Назарбаев жаңа әліпбидің соңғы нұсқасыны бекітілетінін ресми түрде жариялады

  • Назарбаев жаңа әліпбидің соңғы нұсқасыны бекітілетінін ресми түрде жариялады

    Назарбаев жаңа әліпбидің соңғы нұсқасыны бекітілетінін ресми түрде жариялады

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.


Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.


“Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр”, – деді Қазақстан Президенті.


Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.


Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.


Еске салсақ, бұған дейін еліміздің танымал жазушылары латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шыққан болатын. 




Көрілген: 819    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.10.2017, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30