Саяси сахна

Назарбаев пен Буштың кездесуінде түсірілген видео жарияланды

  • Назарбаев пен Буштың кездесуінде түсірілген видео жарияланды

    Назарбаев пен Буштың кездесуінде түсірілген видео жарияланды

 Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы АҚШ-қа сапарында түсірілген видеоның үзіндісін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 1992 жылдың 18-20 мамыр аралығында Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына тұңғыш ресми сапармен барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Мемлекеттік хатшы Джеймс Бейкермен және өзге де министрлер, сенаторлар және кәсіпкерлермен кездесті. Алғашқы сапар аясында Қазақстан мен АҚШ Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік Меморандумына, Капитал салуды қолдау мен өзара қорғау туралы келісімге, Сауда қатынастары туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылған.



Бұған дейін Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы АҚШ-қа бірінші ресми сапарында түсірілген мұрағаттағы видеоны жариялаған болатын. Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі. Мемлекет басшысы АҚШ-та 18 қаңтарға дейін болады. Сонымен қатар, 18 қаңтарда Қазақстан Президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингіне қатысады.




kaz.tengrinews.kz.


 




Көрілген: 1452    Пікірлер: 8

сенбі, 13.01.2018, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31