Саяси сахна

Назарбаев Путинге: арамыздағы шынайы жеке қарым-қатынасты жоғары бағалаймын

  • Назарбаев Путинге: арамыздағы шынайы жеке қарым-қатынасты жоғары бағалаймын

    Назарбаев Путинге: арамыздағы шынайы жеке қарым-қатынасты жоғары бағалаймын

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Путин Назарбаевты дипломатиялық қатынастың 25 жылдығымен құттықтады

"Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы екіжақты шарттың аясында және соның ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады. Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудің сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудың маңызды бөлігі болып саналады", – делінген жеделхатта.


"Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғаны маңызды", — деген Елбасы.


Соңында Қазақстан президенті әріптесіне зор денсаулық, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру жолында толағай табыс тілеп, достас Ресей халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.


 




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.10.2017, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30