Саяси сахна

Назарбаев Самарқанд қаласында Мирзиеевпен кездесті

  • Назарбаев Самарқанд қаласында Мирзиеевпен кездесті

    Назарбаев Самарқанд қаласында Мирзиеевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.


Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді.


Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты.


Бұдан бөлек, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен бірге "Хазірет Қызыр" мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым етті.


© Ақорданың баспасөз қызметі


Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Самарқанд қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді. 




Көрілген: 1027    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.03.2018, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30