Саяси сахна

Назарбаев сайлау күні көзіне жас алды

  • @Tengrinews.kz

    @Tengrinews.kz

  • @Tengrinews.kz

    @Tengrinews.kz

  • @Tengrinews.kz

    @Tengrinews.kz

 Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан жеңімпаздар форумында барлық қазақстандыққа сайлауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бүгін ерекше күн, қазақстандықтар тағы да өздерінің ауызбіршілігін көрсетті, көп ұлтты ел бірліктің арқасында барлық тауқыметті жеңеді. Шамамен барлық қазақстандықтар кеше сайлауға келді. Мен адамдардың отбасыларымен, балаларымен, немерелерімен сайлауға келіп, бірнеше сағат бойы кезекте тұрғанын өз көзіммен көрдім. Мен көзіме жас алдым, осыдан кейін жауапкершілік те ұлғаяды, осыдан кейін халқымыздың аман-есен өмір сүріп, әр күн сайын тұрмыстарын жақсартып, болашаққа нық сеніммен қарауы үшін күні-түні ойлана бастайсың", - деді Назарбаев форумда сөйлеген сөзінде.


Ол қазақстандықтардың бүкіл әлемге өздерінің ауызбіршілігі мен біртұтастығын көрсеткенін атап өтті. "Біз қазақстандық саяси мәдениеттің біртұтастығын, жауапкершілігін көрсеттік. Сайлауға барлығы келді. Президентті сайлау - өз болашағыңды таңдау. Барлық қазақстандыққа көп рахмет айтып, басымды иемін. 37 елден келген 850 бақылаушылар мен 40 елдің ақпарат құралдары арқылы әлемге өзімізді таныттық", - деп атап өтті Назарбаев.


Еске сала кетейік, 26 сәуірде елімізде Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін еліміздің барлық өңірінде сайлау учаскелері жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясы 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де учаскелердің жабылғанын хабарлады.


ОСК мәліметі бойынша, Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді. Еxit poll мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинады. Халықтың 0,7 пайызы Әбілғазы Құсайыновқа, 1,6 пайызы Тұрғын Сыздықовты қолдап дауыс берген.


Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді.




Көрілген: 3817    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 27.04.2015, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31