Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті

  • akorda.kz

    akorda.kz

Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас өзара сенімге негізделгенін атап өтіп, оны әрі қарай табысты дамытудың маңыздылығына назар аударды.


– Сіздер бізді халықаралық аренада да, экономикада да әрдайым қолдап келесіздер. Осы жылдар ішінде сіздермен достық қарым-қатынас орнаттық. Қазақстанға ерекше көңіл бөліп отырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.


Қазақстан Президенті қазіргі уақытта экономиканың түрлі секторларында, соның ішінде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібі салаларында бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдері арасында заманауи технологияларды дамыту жағынан Біріккен Араб Әмірліктері көш бастаушылардың бірі болып отырғанын атап өтті.


– «Болашақтағы өзгеріске сай боламын десең, бүгін өзің өзгер» деген дана сөз бар. Сіздер сол жолдан таймай келесіздер, – деді Мемлекет басшысы.


Абу-Дабидің тақ мұрагері екі жақты байланыстар серпінді дамып келе жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіндегі белсенді рөліне тоқталды.


– Біз көп нәрсені сіздерден үйреніп келеміз. Сіздің реформаларыңыз уақыт талабына сай жүргізілуде. Қазақстан Сіздің көреген саясатыңыздың арқасында тұрақты дамып келеді, – деді шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян.


Келіссөздер барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады. 


akorda.kz




Көрілген: 1222    Пікірлер: 14
Пікірлерді оқу (14) preloader

сейсенбі, 24.10.2017, 19:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30