Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Кездесу барысында Елбасыға агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданған шаралары жөнінде есеп берілді.


Нұрсұлтан Назарбаевқа факторлы-баллдық төлем жүйесінің мемлекеттік қызметке енгізілуі жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысы туралы да баяндалды.


Қазақстан Президенті жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, тиісті алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін айтты.


– Барлық салада жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуге тиіс. Біріншіден, тиісті мониторинг жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жөніндегі мәселені шешу керек. Үшіншіден, басшылықтың жауапкершілігін арттыру маңызды, – деді Мемлекет басшысы.


Кездесу барысында Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолында қолданылып жатқан шаралар мен оны халықаралық сарапшылар қоғамдастығының бағалау нәтижелері туралы мәлімет берді.


Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.  


akorda.kz




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31