Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы пәтер кезегіне қатысты: енді тегін ештеңе жоқ

  • © sputniknews.kz

    © sputniknews.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев баспаналы болу үшін Астанада бір пәтерге мың адамнан тіркеліп, сосын кезекке тұрып, пәтер алатындар мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  тілшісі.


"Мемлекетік қордан пәтер алуға кезекке тұрғандар саны артып келеді. Қандай мемлекеттік қор? Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Германия, Италия, Америкада мемлекеттік қорға кезекті көрдіңіздер ме? Ешкім бұл мәселемен айналыспайды. Тегін енді ештеңе жоқ. Біз нарықтық жағдайда өмір сүріп жатырмыз", — деді Мемлекет басшысы Астана қаласының дамуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте.


Президенттің айтуынша, пәтер кезегі, ең алдымен, тіркеу мәселесімен байланысты.


"Кейбір жерлерде ондаған, тіпті жүздеген азаматтар тіркеледі. Мысалы, Оңтүстік Шығыс ауданындағы жер үйлердің бірінде 1700-ден астам адам тіркелген. Астанада осындай "резеңке" пәтерлер көп. Олардың бұл үйде тұрмайтыны анық қой, тек тіркелді, енді елордадан үй алуға негіз бар", — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Мемлекет басшысының мәліметі бойынша, өткен жылы ғана Астанада 200-ден астам осындай "резеңке" пәтер анықталған.


"Әлеуметтік әлжуаз санатына жататын адамдар жалдамалы пәтер алсын, біртіндеп төлеп, кейін сатып алады. Қалған кезекте тұрған қырық мың мемлекеттік қызметкер бағдарламамен алсын. Біз оларға жалақы төлеп отырмыз. Тұрғын үй құрылыс жинағы, кредит, ипотека бар. Біз басқа дәуірге аяқ бастық, бірақ бір аяғымен әлі артта тұрмыз. Адамдарды масылдыққа үйретіп жатырмыз. Осылай, басқа жақтан келіп, мың адам бір бөлмеге тіркеліп, пәтер алады. Бір ай бұрын алыстан елордаға келген адамға пәтер беріледі де, ал Астанада бұрыннан тұрып, жұмыс істеп жатқан тұрғындар пәтер ала алмай жүр", — деп кейіді Президент.


Президент жауапты тұлғаларға тіркеуге қатысты мәселені дереу шешуді тапсырды.


 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 21.04.2017, 14:04

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31