Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының Премьер-Министрі Юри Ратаспен кездесті

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің цифрландыру және инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда-экономика қарым-қатынастарын дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.


Мемлекет басшысы «Астана Хаб» ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ашылу рәсіміне қатысқаны үшін Эстония Республикасының Премьер-Министріне ризашылық білдірді.


Қазақстан Президенті Эстонияның цифрлық технологиялар саласындағы тәжірибесі мол екенін атап өтті.


Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы сауда байланыстарын нығайту қажеттігін айтып, экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Мемлекет басшысы елімізде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық бағдарламалар мен солардың аясында бой көтеріп келе жатқан нысандар және көлік-транзит әлеуетін арттыру жөніндегі жобалардың нәтижелері туралы айтты.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қайта өңдеу және аграрлық өнеркәсіп, фармацевтика салаларында және экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастықты бір жолға қоюдың маңызды екенін атап өтті.


Эстония Республикасының Премьер-Министрі қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, өзінің Астанаға алғашқы сапарынан алған әсерін ортаға салды.


– Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевпен сындарлы келіссөз жүргіздік. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Астананың инфрақұрылымдық нысандарына қарап, елдеріңіздің қалай дамып келе жатқанын көруге болады, – деді Ю.Ратас.


Эстония Республикасының Премьер-Министрі цифрландыру және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты. 


akorda.kz




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 17:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30