Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Мемлекет басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы жүздесуінің ерекше маңызын атап өтіп, съезд жұмысына қатысқаны үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысына ризашылық білдірді.


– 2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткенін білесіз. Біз бұл ұйымның осы ғасырдағы жалғыз саммитін өткіздік. Оның нәтижесі бойынша маңызды декларация қабылданды, – деді Қазақстан Президенті.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы ықпалдастық пен кооперацияны одан әрі дамытудың маңызды екенін айтты.


Т.Гремингер Қазақстан Президентінің өңірлік қақтығыстарды реттеу және бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.


 akorda.kz




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 18:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31