Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын мерекемен құттықтады

  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын мерекемен құттықтады

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алаш айнасы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Құрметті отандастар!


Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық.


Бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.


Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.


Мемлекет өмірінің барлық саласындағы ауқымды жаңару жаңа белестерді бағындырып, жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.


Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін!


 


 




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.05.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31