Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

  • Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

    Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қымбатты отандастар! Баршаңызды жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің осы күні әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегі ерекше жылылыққа, қуаныш пен үміт сезіміне бөленеді. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік – еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі. Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі – Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек. Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары адамгершілікті дәріптейтін Пасха мейрамының мән-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің гуманистік негіздерін нығайта түседі. Баршаңыздың шаңырақтарыңызда татулық пен тыныштық болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке тілеймін!", - деді Президент.

 




Көрілген: 254    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.04.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30