Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев министрлерге қалай телефон соғады?

  • Нұрсұлтан Назарбаев министрлерге қалай телефон соғады?

    Нұрсұлтан Назарбаев министрлерге қалай телефон соғады?

Тұңғыш президент күніне орай тілшілеріміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кабинетінде қонақта болды. Мемлекет басшысының Астанадағы алғашқы жұмыс кеңсесі, маңызды жиындар өткізген залдар мен түскі ас ішкен бөлмесі қазір тәуелсіз еліміздің тарихынан сыр шертетін мұражайға айналған. Елбасының ескі резиденциясында құнды құжаттар, фотолар мен Мемлекет басшысы пайдаланған заттар сақталған, - деп хабарлайды КТК арнасы.

20 жыл бұрын күзеті мықты бұл ғимаратқа екінің бірі емін-еркін кіріп-шыға алмайтын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы алғашқы резиденциясы. Елбасы Ақордаға ауысқанша осында жұмыс істеген. Нысан Тұңғыш президент мұражайына айналғалы Мемлекет басшысының өзі мұнда өте сирек келеді. Есесіне, музейден күнде адам үзілмейді. Әсіресе, мереке күні Назарбаевтың жұмыс орнын көруге қызыққандар еселеп артады екен.


Елбасының ескі резиденциясы 4 қабаттан тұрады. Аумағы 12 мың шаршы метр. Ғимараттың әр бұрышы тұнған тарих. Дәліздегі қабырғаларға ілінген суреттер бала Нұрсұлтан, жас металлург пен Президенттің өмірінен сыр шертеді. Мұражайда құнды сыйлықтар, Елбасының жеке құжаттары, куәлігі мен әке-шешесінің портретіне дейін қойылған.


Жадыра Әубәкірова, Тұңғыш Президент мұражайының қызметкері:


- Экспозицияда Елбасының ата-анасының күнделікті тұрмыста пайдаланған заттары. Бұл жерде анасының тігін машинкасы, жіп иірген ұршығы, сол үйде пайдаланылған тостаған, құмған, әкесінің ұстарасы, бәкісі және анасының жүзігін көруге болады.


Мынау Елбасының қабылдау бөлмесі. Президенттің хатшылары осында отырған. Бұл бөлме арқылы Мемлекет басшысының жеке жұмыс кабинетіне кіруге болады.


Негізі, келген қонақтарға қызыл лентадан асуға болмайды. Бірақ мерекеге орай мұражай қызметкерлері журналистердің ішке кіруіне рұқсат етті. Жалпы, Елбасы Астанадағы алғашқы кабинетінде 7 жыл отырған. Мұнда сол кезде пайдаланған дүниелері сақталған. Әсіресе, Мемлекет басшысының жұмыс үстелінің оң жағындағы телефондар ерекше көзге түседі. Мына аппарат арқылы Тоқаев, Мәсімов, Шөкеев сынды Үкімет, Парламент мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланыста болған.


Алып телефонның әр түймесінде қазір де саясатта жүрген танымал тұлғалардың тегі жазылған. Президент креслосын, жұмыс үстеліндегі кейбір журнал, блонот пен құжаттарын қалдырған. Мәселен, мына қаламмен Елбасы 1997-2004 жылдар аралығында маңызды жарлықтарға қол қойған. Мына үстелдің басында Елбасы Үкімет мүшелерімен кеңесіп, шетелдік қонақтарды қабылдаған екен. Кабинетте Қазақстанның картасы да ілулі. Назарбаев төрдегі қос есіктің бірі арқылы қысқы баққа шыққан, екіншісінен Мәжіліс залына өткен. Қазір Мәжіліс залына Мемлекет басшысының инауграцияда Ант қабылдаған мінбер, ақ киіз, Ту мен Конституциямыз қойылған. Бұл бөлмеде қазір мұражайға келгендерге демалып, суретке түсуіне болады. Ал Қауіпсіздік кеңесі мен президентке сыйға тартылған қару-жарақатар қойылған кабинетті видео, фотоға түсіруге болмайды.


Қайыр Құсманов:


- Ерекше ұнағаны қару-жарақ экспозициясы.Мен өзім әскери адам болғанмын, зейнеткермін.Мен ойлаймын ішінде арзаны жоқ. Елбасына тарту еткен қылыштар, содан кейін мылтықтың түрлері өте мықты.


Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі өте тығыз болғандықтан, резиденциясында тамақтанған. Мына бөлмеде түскі ас ішіпті. Мұнда да Елбасы қолданған ақ фарфор тәрелкелер, шыны бокалдар мен ас қасық-шанышқылар сол күйде тұр. Бір қызығы, барлық ыдыс-аяқтың жиегіне Елтаңба бейнеленген. Президент мұражайындағы осы дүниелерді тамашалауға күніне 300 адам келеді екен. Кіру тегін. Ал Елбасының өзі ескі резиденциясына соңғы рет 5 жыл бұрын келіпті.


 




Көрілген: 2113    Пікірлер: 0

сенбі, 02.12.2017, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30