Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының ішкі істер министрін қабылдады

  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының ішкі істер министрін қабылдады

    Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының ішкі істер министрін қабылдады

 Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті.


– Биыл біз тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезең ішінде Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шараларды атқарып келеміз. Елордамыз Астананы салуға қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Президенті.


Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қорғау органдары арасында байланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті.



Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ниетті екенін айтты.


baq.kz


 




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.10.2017, 21:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31