Саяси сахна

Нұртай Сабильянов: Министр Біртанов бізге баяндама емес, ертегі айтқандай болды

  • Нұртай Сабильянов: Министр Біртанов бізге баяндама емес, ертегі айтқандай болды

    Нұртай Сабильянов: Министр Біртанов бізге баяндама емес, ертегі айтқандай болды

 Бүгін мәжілісте үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша атқарылып жатқан істерді баяндады. Өз кезегінде депутат Нұртай Сабильянов министрдің сөзі “ертегі секілді” болғанын айтып, осы саладағы түйткілді мәселелері шешуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


“Министрдің баяндамасын тыңдадық. Маған ертегі айтып жатқан секілді болды министр. Неге? Өйткені цифрландыру болу үшін денсаулық сақтау ұйымдарын, ауруханаларды, емханаларды біз жоғары интернет байланысына қосуымыз керек. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің айтуы бойынша ол қаражат болса 2022 жылы ғана жүзеге асады. Сонда сол бұл цифрландыру қалай жүргізіледі? Мысалы, өңірлерді алып қарайтын болсақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық ұйымдары бар-жоғы 14-43 пайыз ғана интернет жүйесімен қамтамасыз етілген. Сондықтан бірінші кезекте осыны шешуіміз керек”, — деді Сабильянов.


“Құрметті министр, сізге айтарым, аспанға қарап жұлдызды санағаннан гөрі, жердегі тіршілікке дұрыс көзбен қарағаныңыз жөн секілді”, — деген депутат елді мекендерді аралаған кезде тұрғындар денсаулық сақтау саласындағы қандай мәселелерді көтергенін айтты.


“Атап айтатын болсақ, елді мекендердегі медициналық ұйымдарды жаңа жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету керек. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 2124 жедел жәрдем көлігі бар десек, оның 36 пайызы ескі екен. Сонау жиырмасыншы ғасырда шығарылған автокөліктер бар. Қатты аяз, боранда науқастарды алып келе жатқан ескі көлік сынып қалса не болады? Осы жағына неге көңіл аудармайсыздар? Сіздер атқарушы орган алуы керек деп айтасыздар, бірақ қаражат бәрібір республикалық бюджеттен бөліну керек. Сонда ғана дұрыс медициналық көмек көрсете аламыз”, — деді халық қалаулысы.


Бұдан бөлек, депутаттың айтуынша, өңірлерде ауруханалар мен емханалардың жағдайы көңіл көншітпейді.


“Халыққа қолайлы жағдай жасалмаған. Ауруханалар ескі, тозған, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Атап айтатын болсам, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Қалбатау ауылындағы аурухананың жөнделмегеніне 25 жыл болыпты. Осындай мәселелер қашан шешіледі? Зайсан ауданы шекараның ең шетіндегі аудан. Өткен жолы осы жердегі емхананы барып көрдім. Тар, бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан. Ішінде не су, кәріз жүйесі жоқ, шешінетін жер жоқ. Осыдан кейін медициналық көмектің жоғары деңгейде деп қалай айтуға болады?!”, — дейді депутат.


Тағы бір мәселе — ауылдық жерлерде дәрігерлер жетіспейді. Мамандарды ауылға тарту үшін алдымен олардың әлеуметтік жағдайын ойластыру керек. Сонымен қатар ауруханалар мен емханаларды жаңа медициналық құралдармен жабдықтау аса маңызды, дейді депутат.


“Құрметті министр, ауылдық жерлерде болып көрдіңіз бе? Барып жүрсіз бе? Қандай шалғайдағы ауылдарда болғаныңызшы айтыңызшы? Сонау кеңес үкіметі тұсында алынған құрал-жабдықтар әлі тұр. Міне, осы мәселелерді қолға алу керек деп ойлаймын”, — деді Сабильянов.


“Әрине, жақсы атқарылып жатқан істер де бар. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында жүзден аса дәрігер мен медбике шетелде оқып, білімін жетілдіріп келді. Аягөзде үлкен инсульт орталығын салғалы жатыр”, — деп түйді сөзін депутат.


Sputnik Қазақстан


 




Көрілген: 891    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 31.01.2018, 14:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30