Саяси сахна

Ономастикалық мәселелерді саясиландырмау керек

Кеше Астанада мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының 2009 жылғы алғашқы отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәрті­біне Пав­лодар облысының Қашыр ау­да­­нының атын өзгерту; еліміздегі білім беру, мәде­ниет және спорт ұйымдарын атау мен атауын өзгерту, сондай-ақ теміржол стан­сыларына атау беру және олардың атау­ларының орыс тіліндегі транскрипциясын өзгерту; ұлты қазақ аза­мат­тардың аты-жөнін жазуды бірыңғайлау жө­ніндегі ереже туралы мәселелер енгізілген.

«Комиссия мүшелері отырыстың күн тәр­тібіне енгізілген мәселелерді жан-жақ­ты қа­рас­тырды және тал­қы­лады, өз ойла­рын біл­діріп, нақты ұсы­ныстар енгізді. Күн тәртібіндегі мә­селелерден басқа, комиссия мүшелері елі­міздің өңірлеріндегі ономас­ти­калық ахуал­дың жағдайы жөнінде тұ­рақты сараптамалық жұ­мысты жүргізу қа­жеттігімен байланысты проб­лемаға назар аударды. Ономастикалық мәсе­лелердің айрықша көкейкестілігін ес­кере оты­­рып, оларды ғылыми де­рек­терге, тарихи факті­лер­ге, сол не­месе басқа нысан­ның ежелгі түп-төркініне қатаң сүйене отырып шешу қажеттігі, ойдан шығарылған, алдын ала шешімдерді жою қажеттігі атап өтілді. Тұтастай алғанда, проблеманы саясилан­дыр­мау керектігі айтылды. Қарасты­рыл­ған мәсе­лелер бойынша қабылданған қорытындының нәтижесі бойын­ша Пре­зи­дент Жарлығының жо­­басы әзір­ле­­нетін және Үкіметтің қа­рауына ұсынылатын болады» делінген ведомствоның ха­бар­­­ла­масында.

Айта кетейік, Үкімет жанындағы Мем­лекеттік ономастика комис­сия­сының құ­ра­мына Ақселеу Сейдімбек, Бекболат Тілеу­хан, Ханкелді Әбжан, Сламқұл Әб­­­­ді­­рах­манов, Мекемтас Мырзахметұлы, Нұргелді Уәли сияқ­ты танымал қоғам қайраткерлері, зия­лы қауым өкілдері, ғалымдар ен­гізілген.




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2010, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31