Саяси сахна

Президент парламент пен үкіметті жинады

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзінің жаңа әлеуметтік бастамаларын жария ету үшін парламент палаталары мен үкіметтің бірлескен отырысын шақырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бүгін парламентте мен халыққа жаңа әлеуметтік бастамаларымды жолдаймын. Мен бұл қадамды көптен бері ойластырып жүрген болатынмын. Бірақ бізге күш пен қаражат жинау керек еді. Енді міне уақыты келген секілді. Біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін одан әрі нығайту бойынша нақты іс-әрекет жасайтын уақыт болды. Мұны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жасау керек. Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алмақ", — деп мәлім етті Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, "Қазақстан біздің ортақ үйіміз" идеясы жаңа мәнге ие болуы тиіс.


"Әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған жаңа ұсыныстардың маңызын ескере отырып, мен парламент палаталары мен үкіметтің бірлескен отырысын шақыруды ұйғардым. Қазір айтылатын ұсыныстар – бұл жан-жақты таразыланған бағдарлама, тиімді және іске асырылатын жоба", — деген президент бес әлеуметтік бастамасын жария етті.


 


 




Көрілген: 1221    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.03.2018, 14:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31