Саяси сахна

Президентке жалған атпен төлқұжат берілген - БАҚ

  • © РИА Новости / Григорий Сысоев

    © РИА Новости / Григорий Сысоев

Украина президенті Петр Порошенко мен оның отбасы мүшелері Мальдив аралдарында демалу үшін ұшар алдында жалған атпен Украина қауіпсіздік қызметінен (УҚҚ) құжаттар алған, - деп хабарлады РИА Новости агенттігі Страна.ua порталына сілтеме жасап.


Порталдың хабарлауынша, Гелетей (Валерий Гелетей, Мемкүзет басшысы - ред) "құпия" деген таңбамен, президентке қоқан-лоқы жасалып жатыр деп, УҚҚ-ға хат жазған. Сол хаттың негізінде УҚҚ ойдан шығарылған есімдермен төлқұжат жасаған. Мұнымен УҚҚ Шұғыл-техникалық шаралар департаменті айналысқан.


Айта кетейік, страна.ua порталы төлқұжаттардағы есімдер жайлы мағлұмат таратқан жоқ. Сонымен қатар, осыдан біраз уақыт бұрын украиналық БАҚ Порошенконың демалысын отбасымен бірге Мальдив аралдарында өткізгенін жазған. Ол кезде президенттің 1-8 қаңтар аралығында аралды кемі 500 мың долларға жалға алғаны айтылған. Алайда Порошенко мейманханада Mr Incognito Petro Ukraine деген атпен тіркеліпті.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 957    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.01.2018, 11:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31