Саяси сахна

Путин Назарбаевтың рөлі туралы: сириялық келіссөздің "беделді делдалы"

  • Путин Назарбаевтың рөлі туралы: сириялық келіссөздің

    Путин Назарбаевтың рөлі туралы: сириялық келіссөздің "беделді делдалы"

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанды Сириядағы жанжалды реттеудегі беделді делдал деп атады. Путин Қазақстан басшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздердің басында Сириядағы қарама-қарсы екі жақты ұстай алғанын айтып берді.


Белгілі қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин Сочидегі "Валдай" пікір-талас клубының отырысында Путинге сұрақ қойды. Қарин Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздерге Ресейдің көзқарасы қандай екеніне қызығушылық танытты.


"Кей сәтте президент Назарбаев келіссөздердің басында жанжалдасқан екі жақты ұстап отыруға өзіндік жауапкершілік алғанын атап өткім келеді", — деп мәлімдеді Путин Қариннің сұрағына жауап берген кезде.

Оның пікірінше, сириялық жанжалға қатысты Қазақстанның бейтараптылығын ескерер болсақ. Астана келіссөздер жүргізуге ең ыңғайлы алаң.

"Қазақстан Сириядағы жанжал реттеудегі беделді делдал ретінде рөл атқарады", — деп атап өтті Путин.

Ол дәл осы астаналық алаңда сирияаралық жағдайды реттеу барысында елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін де ерекше атап өтті.



sputniknews.kz


 




Көрілген: 972    Пікірлер: 0

жұма, 20.10.2017, 22:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31