Саяси сахна

Ресейде президент сайлауы науқаны басталды

  • Ресейде президент сайлауы науқаны басталды

    Ресейде президент сайлауы науқаны басталды

 Ресей президентін сайлау бойынша науқан ресми түрде дүйсенбі күні - дауыс беруге үш ай қалғанда басталды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.


Үміткерлердің Сайлау комиссиясына құжат тапсыруға, съездерде ресми үміткерлікке ұсынылу рәсімін өтіп, қол жинап, ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және телеарналар мен радиолардағы дебаттарда қарсыластарымен пікір таластыруға 90 күні бар. Федерация кеңесі 15 желтоқсанда өткен пленарлық отырыста Ресейде президент сайлауын өткізу күнін 2018 жылдың 18 наурызына белгілеген. Президент сайлауын өткізу үшін федералдық бюджеттен 14,9 млрд рубль бөлінген. Сондай-ақ, 23 әлеуетті үміткер сайлау науқанына қатысатындарын мәлімдеген. ОСК басшысы Элла Памфилованың айтуынша, 23 адам сайлауға қатысуға өтініш білдірген. Олардың ішінде Владимир Путин, Ксения Собчак, Владимир Жириновский, Борис Титов, Геннадий Зюганов және Григорий Явлинский бар.


inform.kz




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.12.2017, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31