Саяси сахна

Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

Рүстем Биғари 1976 жылы 20 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келген.


1999 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Информатика және ЕТ мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы — Бостон университетінің (АҚШ) магистратурасын киберқауіпсіздікке мамандандырылған ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Информатика, бақылау және басқару бағыты бойынша PhD докторы.


Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.


1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында жұмыс істеген. 2003 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да еңбек еткен. 2006–2009 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде бас сарапшы, кеңесші, ақпараттандыру секторының меңгерушісі лауазымдары бойынша жұмыс істеген.


«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысқан.


2009 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.


«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.


primeminister.kz

 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31