Саяси сахна

Сағынтаев "7-20-5" бағдарламасына қатысты Ұлттық банкке тапсырма берді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевке "7-20-25" бағдарламасы туралы халыққа ақпарат беріп отыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Айта кетсек, мемлекет басшысы ұсынған "7-20-25" бағдарламасы маусым айының басында іске қосылды. Бағдарлама шартына сәйкес, бастапқы жарна – 20 процент, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7 проценттен аспайды, ал ипотекалық несие 25 жылға беріледі.


"Бағдарлама нысаналы мемлекеттік қаржыландыруды талап етпейді және қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында алғашқы қарыздар беріле бастады", — деді ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев үкімет отырысында.


Үкімет басшысы Ақышевке БАҚ-қа ипотекалық несиелер туралы ақпаратты ұсынып отыруды тапсырды.


"Алғашқы кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті мәліметті беріп отыруыңызды сұраймын. Өйткені бәрі бағдарламаның қалай жүріп жатқанын қарап отыр", — деді Сағынтаев.


 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 18:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31