Саяси сахна

Сағынтаев Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетінің дамуымен танысты

  • Сағынтаев Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетінің дамуымен танысты

    Сағынтаев Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетінің дамуымен танысты

 Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің дамуы бойынша ағымдағы жағдаймен танысты, «Ақтау теңіз порты» АЭА-да орналасқан кәсіпорындарды аралап көрді, сондай-ақ Құрық паром кешенінің екінші кезегінің жұмысымен және құрылысымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.


Құрық портының паром кешенінің жұмыс істеуі Ақтау теңіз портының жұмысымен бірге Маңғыстау облысының, сондай-ақ жалпы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуда шешуші мәнге ие. Республиканың логистикалық картасындағы аталған инфрақұрылымдық буын Еуропаға шығумен, Парсы шығанағы мен Кавказ елдеріне шығуды ұсынады, бұл жүктерді жөнелтуге арналған транзиттік ел ретінде ҚР-ның тартымдылығын арттырады.


Бақытжан Сағынтаев Құрық паром кешенін аралап, оның ағымдағы жұмысымен және логистикалық нысанның екінші кезегінің құрылысы барысымен танысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев Премьер-Министрге паром кешенін кеңейтуді ескере отырып, бүкіл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін әрі қарай дамыту туралы мәлімдеді.


2016 жылғы желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында Құрық портында қуаттылығы 4 млн тонна теміржол паром терминалы іске қосылды. Терминалдың операциялық қызметі биыл 24 наурызда басталды, және 10 айдың қорытындысы бойынша аталған терминал арқылы бір миллион тоннадан астам жүк тиелді, оның ішінде: мұнай өнімдері, химиялық тыңайтқыштар, халық тұтынатын тауарлар, машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ басқа жүктер бар. Жыл соңына дейін 1,2 млн тоннаға жуық жүк тиеу жоспарланған.


Ағымдағы жылы Құрық портын дамытудың екінші кезеңі — қуаттылығы 2 млн тонна болатын автомобиль паром кешенінің құрылысын іске асыру басталды, оны 2018 жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы, жобаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстанның теңіз порттарының қуаттылығын 26 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.


ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ «Құрық порты — Құрық ауылы» автожолын жөндеу барысымен, сондай-ақ «Маңғыстау» рекреациялық-инфрақұрылымдық кешенін кедендік рәсімдеу аймағының ғимараты жайының интерьер үлгілерімен танысты.


Сонымен бірге, Маңғыстау облысының әкімдігі өңірлік маңызы бар «Құрық — Құрық порты» автомобиль жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде (Құрық портынан республикалық маңызы бар «Ақтау — Құрық» автожолына дейін). Қазіргі уақытта жоба аясында кеден және шекара қызметтерімен бірге автомобиль өткізу бекеті жобаланды. Нысан көлік құралдарын сәйкестендіруді, радиациялық және инспекциялық-тексермелеу бақылауын жүргізуді, экспорттық және импорттық ағындарды бөле отырып, салмақ-габаритті көрсеткіштерді өлшеуді қамтамасыз етеді.


Жалпы, кедендік рәсімдеу аймағында кедендік және басқа да рәсімдерден өту бойынша қызметтер ұсыну «бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.


Сондай-ақ Премьер-Министр «Ақтау Теңіз Порты» еркін экономикалық аумағында орналасқан ArcelorMittal Tubular Products Aktau кәсіпорнын аралап көріп, онда болат мұнай-газ құбырларын дәнекерлеу және оларға қаптамалар жалату бойынша цехтің құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді.


Зауыт директоры Жеңіс Өтегенов Бақытжан Сағынтаевқа зауыттың ағымдағы қызметі мен Теңіз кен орнының сағалық қысымын болашақта кеңейту және оны басқару жобасына қатысуы туралы баяндады, онда компания жемірілуге қарсы жабын, мұнай-газ құбырларын жапсарлау-дәнекерлеу және Теңіз кен орнына дейін дайын өнімді тасымалдау бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-ге қызмет көрсетулерді жеткізуші болмақ.


Айта кетер болсақ, барлығы «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 17 жоба пайдалануға берілді. Жалпы 355,623 млрд теңге сомаға 15 жоба іске асырылып жатыр. Бүгінде АЭА аумағын жоғары технологиялы экспортқа бағдарланған өндірістермен толтыру бойынша жұмыс жалғасуда. «Ақтау теңіз портының» барлық жұмыс істеген кезеңінде қатысушы кәсіпорындар өндірген өнімдер көлемі 241,2 млрд теңгеден асты, ал ашылған жұмыс орындарының саны бір мыңнан астамды құрады.


baq.kz




Көрілген: 269    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 26.10.2017, 22:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31