Саяси сахна

Саясаткер: Министр дәрігерлердің құқығын емес медицина сапасын ойлау керек

  • Саясаткер: Министр дәрігерлердің құқығын емес медицина сапасын ойлау керек

    Саясаткер: Министр дәрігерлердің құқығын емес медицина сапасын ойлау керек

Белгілі саясаткерлер Денсаулық сақтау министрінің  дәрігерлік қателік жіберген медициналық қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы ұсынысын сынға алды.




ҚР Әділет министрлігінің қоғамдық кеңес мүшесі, саясаткер Мұрат Әбенов Facebook желісінде өз пікірімен бөлісті.


“Министр медицина корпорациясының басшысы немесе дәрігерлер кәсіподақ ұйымының басшысы бола алмайды. Ол өнеркәсіптің мүддесін қорғауы керек. Әсіресе емдеу стандарттарын бұзып, адам өлтірген дәрігерлерді жауапкершіліктен босатуға болмайды.  Министр – саясаткер, ол азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқығын қорғау үшін тағайындалған Президент. Дәрігерлердің жауапсыздығынан қайтыс болған науқастың өлімі қылмыс ретінде қарастырылуы керек”, – деп жазды ол.


Танымал сясаткер Айдос Сарым Қазақстанның медицина саласындағы мәселелерін айтып, Біртановтың дәрігерлер жауапкершілігі туралы ұсынысы туралы жазды.


“Иә, дәрігер қателесуі мүмкін. Бірақ бұл қателіктің бағасы өте жоғары. Ол адам өмірінің ережесі. Егер хирург 5 сағат ота жасап, науқасты құтқара алмаса бір жөн. Ал, егер дәрігер науқастың ішінен қолғабын, шүберегін ұмытса әңгіме басқа. Өмірде бір-біріне ұқсамайтын, түрлі жағдай болады. Бірақ типтері ұқсас қылмыстар мен қателіктер болады. Біз дәрігерлерді жалақысы аз, жағдайлары нашар деп ойлаймыз.  Ал, Алматы ауруханасының жылдық бюджеті орта есеппе 2-3 млрд құрайды. Сұрақтар көп. Медицинаның басты қағидасы “зиян келтірме” болса, дәрігер соған міндетті, және ол сол үшін сотталуы да мүмкін.


Басты мәселелер:


–   Білім сапасы;

–   Қызмет сапасы:

–   корпоратизм және тәуелсіз сараптаманың күрделілігі;

–   таңдаудың мен  бәсекелестіктің жоқтығы.


Денсаулық сақтау министрлігі пен министр осы мәселелерді жөндегеннен кейін барып құқық туралы айтуына болар еді.


Сондықтан, министр бұл мәселені бекер қозғады”, – деп жазған  саясаткер парақшасындағы жазбада.


Stan.kz



Көрілген: 937    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31