Алаш баласы, айнаңа қара!

дүйсенбі, 05.12.2016



Саяси сахна

Сенатор қандастарымызға азаматтықты 3 айда беруді сұрайды

  • Мансур Хамит фото

    Мансур Хамит фото

Үкіметте оралмандар мәселесіне тікелей қатысты «Халықтың көші-қоны туралы» заңнамаға өзгеріс енгізу қаралып жатқаны белгілі. Былайша, айтсақ, атқарушы билік бұрын жіберген қателігін қайта түзетуге қамдану үстіде. Осыны ескерген сенатор Мұрат Бақтиярұлы Үкіметке құлаққағыс жасап, Қытайдағы қандастар мәселесін кезекті рет көтерді.

Сенатордың сөзіне қарағанда, соңғы жылдары елге оралып жатқан оралмандар үшін «Қазақстанның азаматы» деген атаққа ие болу мұң болып, олардың елімізде тұрақты тұруына да әкімшілік кедергілер бірінен соң бірі қаптаған. Мұндай кедергілер ел Үкіметінің 2012 жылғы 28-наурыздағы 362-қаулысымен, 2014 жылдың 19-ақпанындағы 111 қаулысының негізінде жүзеге асып, қандастарымызға қарсы жасалғандай әсер қалдырып отырған жайы бар. Мәселен, әлгіндей қыңыр қаулылар нәтижесінде өз қандастарымыздан оның азаматтығы, мемлекеттің жазбаша келісімі ретінде болуы мүмкін кету парағы, шетелге тұрақты тұру үшін рұқсатты растайтын басқа құжаттар мен келген елінде соттылығының бар, не жоқтығын растайтын құжаттар талап етіле бастаған. Ал келген елінен әкелінген құжаттарға сол елдің осындағы дипломатиялық өкілдері мөр басып, мақұлдайтыны тағы бар. Мәселен, Қытайдан келсеңіз, сол қытайдан әкелінген құжаттарыңызға Қазақстандағы Қытайдың дипломатиялық өкілдігінің мөрі басылуы керек. «Ашығын айтайық, аталған екі түрлі құжатты әкелу қарапайым оралмандар үшін мүмкін болғандай көрінгенімен, іс жүзінде мүлдем қиын. Әрине, Үкіметтің аталған қаулылары елімізге сырттан келетін келімсектердің көші-қоны ағынан туындайтын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында қабылданғанын түсінуге болатындай. Бірақ, бұдан бұрын мұндай талаптар этникалық қазақтарға қатысы жоқ еді, бұған дейінгі Үкімет қаулыларының басым бөлігінде мәселе шетелдегі қазақтарға қатысты болған жағдайда этникалық қазақ өкілдерінен өзге деген тіркес арнайы қосылатын. Өкінішке қарай, соңғы бірнеше жылдың көлемінде шетелдегі қазақтар мүддесі көбінесе ұмыт қалып, олардың құқықтық дәрежесі өзге шетелдіктердің дәрежесіне дейін құлдырап кетті», – дейді Мұрат Бақтиярұлы.

Осыған орай, сенатор Үкіметтің аталған қаулысы шетелдегі қандастарымыздың Қазақстанға келіп тұрақты тұруына ең басты кедергі болып отырғанын алға тартады. Бұл ретте Бақтиярұлы Үкімет қаулыға «этникалық қазақтардан өзге» деген бір ауыз сөз тіркесін қосуды сұрайды.

Сосын, сауал барысында сенатор көптеген елдерде еңбек көші-қоны мен этникалық көші-қонға екі түрлі көзқарас болатынын айтады. Мәселен, біраз елде еңбек көші-қонының талабы барынша қатайған болса, керісінше этникалық көші-қонға барынша жеңілдіктер жасалады. «Біз де сүйтейік» дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.

Мұрат Бақтиярұлы, сенатор:

– Атамекен Отанына көшіп келген қандастарымызға азаматтық беруді бір жылға дейін созбай, үш айдан алты айға түсірсек жарар еді. Бастапқы жылдары оралманға азаматтық беру үшін үш ай уақыт қана болған еді ғой, соған оралуымыз керек. Ал, оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін бейімдеу мен ықпалдастыру тетігін жетілдіру барысында, шеттен келген қазақтарға қаржылай және басқа да түрлі көмектер берілгенде олармен нақты келісімшарт жасау мәселесін де қолға алуға тиіспіз. Біз көтеріп отырған осы проблемаларға Үкімет барынша назар аударып, шетелдегі қандастарымызды елімізге көшіріп алудың бүгінгі күннің талаптарына сай жауап беретін жаңа жүйесін тез арада жасайтынына сенеміз.

Автор: Қанат Қазы




Көрілген: 957    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 02.10.2014, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 13:59
    «Ашық үкімет»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2016
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31