Саяси сахна

Сенатор Назарбаевтың ұсынысы жайлы: Бұл дінге сенуге тыйым салу деген сөз емес

  • Сенатор Назарбаевтың ұсынысы жайлы: Бұл дінге сенуге тыйым салу деген сөз емес

    Сенатор Назарбаевтың ұсынысы жайлы: Бұл дінге сенуге тыйым салу деген сөз емес

Сенат депутаты Бірғаным Айтымова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға қара киімге тыйым салуға қатысты ұсынысына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Адамдардың діни сенім бостандығына деген құқығы. Бұл құқық адамға максималды, мүмкіндігінше және жан-жақты беріледі. Сондай-ақ, Конституцияда Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде көрсетілген, сондықтан зайырлы мемлекеттің ережелері мен заңдары барлығына бірдей болуы тиіс. Сол себепті барлық отбасыға және балаларға осыны түсіндіру керек. Мектепке қалай киіну керектігін балалардың өздері шешпейтіні анық", - деді Айтымова. Оның айтуынша, Қазақстан діни мемлекеттер сияқты бола алмайды, себебі бізде араб елдері мен Израильмен салыстырғанда дін мен мемлекет екі бөлек. "Ол елдерде басқа заңдар жүзеге асырылады. Біз басқа елді мысал ала отырып, өз елімізді толықтай солар сияқты өзгерте алмаймыз. Біз зайырлы мемлекеттің заңдары бойынша өмір сүреміз, сондықтан мүмкіндіктерді барынша қарастыру керек", - деді депутат. Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтқан еді. "Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", - деген еді Назарбаев.

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 20.04.2017, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Мамыр, 09:59
    9 мамыр - Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30