Саяси сахна

Шпекбаев "командамен ауысу" жайлы: кейбір басшылар әлі де өз адамдарын ертіп кетеді

  • Шпекбаев

    Шпекбаев "командамен ауысу" жайлы: кейбір басшылар әлі де өз адамдарын ертіп кетеді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2017 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады


Мемлекеттік қызметте командамен ауысуға қатысты оң өзгерістерге қарамастан, кейбір басшылар өз адамдарын тартуды әлі де жалғастырып жүр. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.




Шпекбаев сыбайлас жемқорлық қылмысын кімдер көп жасайтынын айтты

Алқа мәжілісінде агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен мүдделері тиісті деңгейде қорғалмай жүргеніне тоқталды. Айтуынша, жазалау мен ынталандыру арасындағы теңгерімді сақтау бойынша шектен шығу фактілері ұшырасады.


"Біздің әріптестеріміз БАҚ пен жұртшылықтың, тексерушілер мен тікелей өз басшылығының қысымына ұшырап жатады. Командамен ауысуды қысқарту бойынша елеулі оң өзгерістерге қарамастан, кейбір басшылар әлі де өз адамдарын ертіп кетуді жалғастыруда. Бұл бірден жасалмайды, алайда бір жыл ішінде басқарушы құрамның толығымен ауысқанын байқайсың. Осыған байланысты мынаны айтқым келеді: егер мемлекеттік қызметкер ашық конкурс аясында қабылданса, онда ол өзіне жасалған қысымға шыдамай, лауазымын төмендетуге немесе өз еркімен жұмыстан кетуге көнбеуі тиіс. Менің ойымша, мұндай қадамға біліксіз немесе бір нәрсе бүлдірген қызметкерлер барады", — деді Шпекбаев.


Ол агенттік мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен мемлекеттік қызметкерлерді қорғауға ерекше ден қоятынын атап өтті. Оның айтуынша, қызметкерлердің әдеп ережелерін сақтау мәселесі де ведомствоның жіті бақылауында.


"Әдеп ережелерін бұзған қызметкер қатаң жазаланады, тіпті жұмысынан шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметте көргенсіздік пен дөрекілікке жол бермес үшін бәріміз бірігіп әрекет етуіміз керек. Бұл біздің қолымыздан келеді… Мемлекеттік қызметкерлерде азаматтарға қатысты дұрыстық, сыпайылық, мәдениет болуы керек деп ойлаймын", — деді ол.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31