Саяси сахна

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер тест тапсырып жатыр

  • Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер тест тапсырып жатыр

    Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер тест тапсырып жатыр

 Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының (денсаулық, білім беру, пошта, ХҚКО, әскери бөлім) қызметкерлеріне тест тапсыртуда.


Шығыс Қазақстан лингвистика орталығы директорының міндетін атқарушы Эльвира Еркінбекқызының айтуынша, 26-28 сәуір күндері өтіп жатқан тестілеуге Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарынан 5358 адам қатысып, оның 1186-сы сертификат алуға ықылас танытыпты. «Елбасының Жарлығымен бекітілген тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ҚАЗТЕСТ жүйесіне басымдық берілген. ҚАЗТЕСТ - ел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалайтын бірден-бір жүйе. Біздің облысымыз жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламадағы міндеттерді жүзеге асыруға белсене қатысып келеді. Тестке қатысуға ниет білдірген азаматтарға тіл оқыту орталықтары тарапынан тесттің құрылымы мен мазмұны және тестіленушілерге қойылатын талаптар жөнінде жан-жақты түсіндіріліп, толық ақпарат берілген», - дейді ол.



ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсыруға ниетті адамдардың саны да жыл сайын артып келеді. «Аталған тестілеу тек отандастарымызға ғана емес, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шет ел азаматтарына да мемлекеттік тілді меңгеруге септігін тигізеді. ҚАЗТЕСТ арқылы 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді білетіндердің үлесін 95 пайызға жеткізу көзделген», - дейді Ұлттық тестілеу орталығының қызметкері Сәбира Сапина.



Тестілеуге қатысқан адамдар да өз кезегінде ҚАЗТЕСТ жүйесінің маңыздылығын атап өтті. «Мұндай тестілеуге алғаш рет қатысып отырмын. Өз басым ешқандай қиындықты сезінген жоқпын. Аудио, лексика-грамматика және оқу секілді үш тапсырмадан тұратын диагностикалық тестілеуді тапсырдым. Болашақта ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификат алғым келеді. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде білетінін әркез тексеріп отырғаны жөн. Бұл – біздің азаматтық парызымыз», - дейді Өскемен қаласының тұрғыны, жергілікті оңалту орталығының психологы Әліби Рыспаев. Ал облыстық Ішкі істер департаменті қызметкері Жанар Әбдіқалықова бұл шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтетін маңызды қадамдардың бірі деп санайды. «Өзім мемлекеттік қызметкер ретінде бірінші рет осы тестті тапсырдым. Бұл тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, барша қазақстандықтарға қажет, мәні зор шара деп білемін. Осы ретте өзімнің әріптестерімді, ел азаматтарын мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге шақырамын. Ана тіліміздің тұғырының биіктігі – еліміздің, мемлекетіміздің тұғырының биіктігі. Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтар тілімізді үйренсе деймін. Бұған елімізде тіл үйренуге толық жағдай жасалған. Тестілеу де соның бір айғағы деп ойлаймын», - дейді ол.


Азамат ҚАСЫМ,


«Егемен Қазақстан»


ӨСКЕМЕН


egemen.kz




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

сенбі, 28.04.2018, 23:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31