Саяси сахна

Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитінін айтты

  • © Foto: Пресс-служба правительства Кыргызстана / Сабыр Аильчиев

    © Foto: Пресс-служба правительства Кыргызстана / Сабыр Аильчиев

Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков соңғы кездері шиеленісіп кеткен Қазақстанмен қарым-қатынас көп ұзамай қалпына келеді деп есептейді. Бұл туралы мемлекет басшысы РИА Новостиге берген сұхбатында айтқан.


Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы қарсаңында Астана мен Бішкектің арасында дипломатиялық жанжал шыққан болатын. Қырғызстанның қызметінен кетіп бара жатқан басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстанды сайлауалды процестерге араласты деп айыптады. Осыдан кейін Қазақстан Қырғызстанмен шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті, салдарынан көрші ел жақтан жүк көліктері жиналып қалып, бірнеше километрлік кептеліс пайда болды. 18 қазан күні Астанада Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өту тәртібін қамтамасыз етуге уағдаласты. Сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша бірлескен "жол картасын" дайындау үшін жұмыс тобын құруға шешім қабылданды.


"Қырғыз-қазақ қарым-қатынасы тарих, мәдениет, рухани құндылықтардың тұтастығына, тату көршілік және бауырластыққа негізделген. Қазіргі проблемалар уақытша, оның үстіне тараптар жағдайды реттеу жөнінде бірнеше келіссөз жүргізді. Таяу уақытта барлық мәселе шешімін табатынына сенімдімін", — деді Жээнбеков.


Қазіргі таңда екі елдің үкіметі "жол картасын" пысықтап жатыр. Сонымен қатар Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 миллион доллар көлеміндегі көмегінен бас тарту туралы заң жобасын қабылдады.


Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтті. Онда сайлаушылардың 54,7% дауысын алған экс-премьер Жээнбеков жеңіске жетті. Жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі 24 қарашада өтеді.


Sputnik

 




Көрілген: 1038    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.11.2017, 16:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30