Саяси сахна

Таяуда өткізілген ауыс-түйістердің себебі белгілі болды

  • Таяуда өткізілген ауыс-түйістердің себебі белгілі болды

    Таяуда өткізілген ауыс-түйістердің себебі белгілі болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде таяуда өткізілген ауыс-түйістердің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді. "Уайымдаймын. Мен тағайындағанда оны кейінірек босату үшін тағайындамаймын ғой. Ұзақ жұмыс істеп, пайдасын тигізсін деп тағайындаймын. Басшыға өз айналасында не істеу керектігін сұрап келетіндер емес, жетістікке жетелейтін, алға қойылған міндеттерді орындайтын адамдар керек. Егер адам не істеу керектігін сенен сұрап келсе, оның өзі сен үшін проблемаға айналды деген сөз. Өздеріңіз білетіндей, проблемадан құтылуға тырысу қажет. Сондықтан босату керек болады. Біреулері өз жолын жабады, біреулері зейнетке шығады, үшіншілерін ауыстырамыз, жоғарылатамыз, қатар қызметке қоямыз. Жетістікке жеткен адамдар - жақсы жұмыс істейтіндер. Сондықтан ауыс-түйіс дегеніміз - өмір, тұралап қалған жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі министрлікте бірінші орынбасар қызметін өзі сұрады. Кулагин жасы келіп, зейнетке шықты. Алғысымды айтып, жібердім. Әбдібеков (Қарағанды облысының экс-әкімі) Есеп комитетінің қайтыс болған басшысының орнына келді. Қарағанды өңірінің тумасы Қошановты сонда қойдық. Тәжірибелі жігіт. Барлығы енді жұмыс істейді деп ойлаймын", - деді Елбасы. Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын. Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады. Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.




Көрілген: 484    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.03.2017, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31