Саяси сахна

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

  • Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

    Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

 Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сенат Төрағасы көп жылғы нәтижелі еңбегі мен екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін Ресей елшісіне алғыс айтты. Тоқаев екіжақты стратегиялық әріптестіктің тиімді сипатын және біздің еліміздің қалыптасқан достық байланыстарды одан әрі тереңдетуді жақтайтынын атап өтті. Сенат басшысының айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің қатынастары халықаралық саясаттағы маңызы зор мәселе болып табылады әрі ТМД кеңістігінде стратегиялық рөл атқарады.


Жүздесушілер Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық өзара іс-қимылының қарқыны арта түскенін айта келіп, депутаттардың екіжақты және көпжақты сипаттағы кездесулері мен байланыстары жиілегенін атап өтті.


Екі елдің мемлекет басшылары негізін қалаған ынтымақтастық аясындағы сауда-экономикалық, аймақаралық және шекара маңындағы байланыстар мәселелері талқыланды.


«Президент Назарбаев ұсынған Еуразиялық экономикалық одақ идеясы кейінгі кездерде елеулі нәтиже бере бастағаны сезілуде. Сауда ұлғайды, ықпалдастық байланыстар нығая түсті», - деді ресейлік елші.


Жүздесушілер Қазақстанның алдағы уақыттағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты шараларға назар аударды. Елші Ресей Федерациясы біздің еліміздің бастамаларын қолдауға әзір екенін растады және қазіргі замандағы қағидалық мәселелер бойынша Астананың ұстанымдары үшін ризашылығын білдірді.


Кездесу соңында Тоқаев Бочарниковке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасын табыс етті.


Baq.kz




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.12.2017, 21:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31