Саяси сахна

«Тірі екен ғой!». Өлдіге саналған Бергей Рысқалиев табылыпты

  • Фото Серікжана Есенғосұлы.

    Фото Серікжана Есенғосұлы.

Осыған дейін өлі-тірісі белгісіз болған Бергей Рысқалиев тірі екен. Оны тірі екенін саясаткер Серікжан Мәмбеталин өзінің Фейсбуктағы парақшасында хабарлап, Бергей Рысқалиевпен бірге түскен фотосын жариялады.


Мәмбеталин өзінің парақшасында былай деді.


“Мен 90-шы жылдардың басында, шағын бизнеспен айналысқан кезде, Батыстың бір жігітімен таныстым. Есімі – Бергей болатын.


Содан бері әрқайсымыз өз жолын таңдап жүрдік, тек жақында Лондонда кездесіп қалдық.


Кешеден бері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Бергей Рысқалиевті тергеу мәселесімен Астанаға шақырып жатыр.


Бергей əкім болып тағайындалуының алдында салық декларациясын жариялап, бай бизнесмен болғанын дәлелдеді. Ол иемденген зауыттар, мұнай кен орындары және дүкен желілерінің құны – 150 миллион АҚШ долларға бағаланған” – дейді Мәмбеталин


“Бергей Рысқалиев пен оның інісі жайында түрлі әңгіме айтылады. Олар дін аман. Ағайындыларға Ұлыбритания үкіметі саяси босқын мәртебесін берген. Ағылшын заңы бойынша олар Астанаға келіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке түсініктеме бере алмайды.


Меніңше, ол интернет арқылы түсініктеме бере алады.


Бұл – халық пен билік үшін пайдалы боларына сенімдімін”, – деген С.Мәмбеталин саясат сахнасынан көрінбей кеткен Бергей Рысқалиев туралы бір хабар берді.


kaz.365info.kz




Көрілген: 2333    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 23:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30