Саяси сахна

Трамп Путин туралы: Ол бес жыл бұрын Сириядағы химиялық қаруды жоюға уәде еткен

  • Трамп Путин туралы: Ол бес жыл бұрын Сириядағы химиялық қаруды жоюға уәде еткен

    Трамп Путин туралы: Ол бес жыл бұрын Сириядағы химиялық қаруды жоюға уәде еткен


Сирияға жойқын соққы бағыттар алдында АҚШ президенті телебағдарламаға қатысып, Ресей мен Иранға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.



Фото: rbc.ru

Фото: rbc.ru


Рассказать Вконтакте


 


"Иран мен Ресейге айтамын: қай ел мыңдаған кінәсіз балалар мен әйелдердің өліміне байланысты болғысы келеді?
Бір-бірін қолдайтын әлем мемлекеттері өзара дос саналуы мүмкін. Алайда ешбір ел аяусыз жауыздар мен қылмыскерлерге толы мемлекетті қолдау арқылы ештене де ұтпайды", - деді АҚШ басшысы.

Дональд Трамп Путиннің бес жыл бұрын берген уәдесінде тұрмағанын айтты. Ресей президенті Сириядағы химиялық қаруды жоюға сөз берген болатын.


"Бүгін ұйымдастырылған соққы Ресейдің сөзінде тұрмау шарасыздығының нәтижесі болды. Ресей маңызды шешім қабылдауы тиіс: не қисық жолмен жүруді жалғастырады, не әлем тұрақтылығы үшін барын салып жүргендерге қосылады", - деп кесіп айтты ол.

Сөз соңында ол Иран мен Ресеймен арадағы қатынастың жақсаратындығына үмітті екенін айтты.


Айта кетейік, бүгін АҚШ Франция және Ұлыбританиямен бірлесе Сирияға қарсы әуе соққысын жаудырды. Басты мақсат - ондағы химиялық қару өндіруші мекемелерді жою.


Алайда, Конгресс келісімін алмаған Трамптың соққы жасау шешімін АҚШ сенаторлары заңсыз деп санап жатыр.


Cондай-ақ әуе шабуылы жөнінде Ресейдің Сыртқы істер министрлігі пікір білдірген болатын.








Көрілген: 881    Пікірлер: 0

сенбі, 14.04.2018, 14:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31