Саяси сахна

Трамп Вьетнамдағы саммитте Путинмен кездесудің орнына, одан қашып жүрген

  • Трамп Вьетнамдағы саммитте Путинмен кездесудің орнына, одан қашып жүрген

    Трамп Вьетнамдағы саммитте Путинмен кездесудің орнына, одан қашып жүрген

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Вьетнамдағы самитте кездесті. Бұл туралы Газета.ру жазады. Ресей делегациясы Вьетнамның Дананг қаласына келмей тұрып, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон екі президент арасындағы келіссөздер болмайтынын айтқан. Сонымен бірге, америкалық жақ бұл келіссөздер жүргізілетіндей талқыланатын мәселелердің де жоқтығын айтты. Осыдан кейін, ресейлік делегация қатты таңырқап қалған көрінеді. Себебі, Трамптың өзі дәл осы кездесуді қалаған, тіпті талқыланатын мәселелер тақырыптарын да ұсынған.


Екі мемлекет басшыларының кездесуі жұма күні түстен кейін болуы керек болатын.


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Әзірге ештеңе түсініксіз. Америкалық әріптестерімізден қайшылықты ақпарат келіп жатыр»-деді.


Ал, әлеуметтік желіде барлығы Трамптың мұндай әрекетін дөрекілік деп бағалаған.


Тіпті Трамп Данангте Путиннен әдейі қашқақтап жүргендей болған. Саммит барысында: «АҚШ енді ереже бұзушылық, экономикалық агрессия, ұрлық сияқты нәрселерге көз жұма қарамайды»-деді Трамп. Содан кейін саммитті аяқсыз қалдырып шығып кеткен. Путинмен кездесуге де, АСЕАН блогына кіретін мемлекеттермен кездесуге де келмей қойған. Бұған әрине, ресейлік дипломаттар қатты налып қалған.


Алайда, кездесудің соңғы мүмкіндігі жұма күні болған: Трамп өз орнында отырған Путиннің қасына түк болмағандай келіп, қолын алып, арқасын қаққан. Вьетнамның ұлттық киімдерін киген екеуі қол алысып суретке түскен.



Фотосессиядан кейін, мемлекет лидерлері саммиттің салтанатты кешкі асына аттанған. Арада біраз уақыт өткен соң, Трамп салтанатты кешкі астан, Путинмен сол күйі сөйлеспестен кетіп қалған.


«Қамшы» сілтейді




Көрілген: 1281    Пікірлер: 0

сенбі, 11.11.2017, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31