Саяси сахна

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

  • Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

    Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


«Өткен ширек ғасыр ішінде Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын достық пен өзара сыйластықтың игі дәстүрлеріне сүйене отырып біз екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне жеткізе білдік. Ресей-Қазақстан саяси диалогы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы табысты ынтымақтастық қарқынды даму үстінде. Біздің елдеріміздің Еуразиялық экономикалық одақ аясында күш біріктіруі аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің нығаюына ықпал етуде», - делінген жеделхатта.


Сонымен қатар, Ресей басшысы қос ел арасындағы кешенді қарым-қатынастар мен конструкивті өзара іс-қимылдың одан әрі дами беретініне сенім білдіре отырып, ҚР Президентіне табыс тілейді.




Көрілген: 972    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.10.2017, 21:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30