Литваның заң шығарушы органы жергілікті қылмыстық кодекске бірқатар өзгерістер енгізіп,
Литваға қатысты Кеңестік және нацистік басқыншылар режимінің тарапынан жасалған қылмыстарды ашық түрде қолдаған азаматтарға айыппұл төлету немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру арқылы жазалауды қуаттады.
Заңдағы өзгерістерге сәйкес, мұндай жаза Литваның байырғы тұрғындарын қорлау үшін айтылғанда және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін жағдайда қолданылады. Сондай-ақ бұл заңнама бойынша, кеңестік режимнің Литваға қатысты 1990-1991 жылдардағы қылмыстарын жоққа шығару да қылмыс болып табылады. Заңнамаға осындай өзгерістер енгізу жөніндегі бастама осыдан бірер жыл бұрын көтерілген болатын, алайда сәтсіз нәтиже беріп келді. Бір айта кетерлігі – 2008 жылы Литвада нацистік символдардың ашық түрде көрсетілуіне шектеу қойылған болатын.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
Бағамдар
| USD/KZT | 147,48 | +0,33% |
| EUR/KZT | 187,16 | +0,09% |
| RUB/KZT | 4,78 | +19,5% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | +18...+16 | +9...+7 | |
| Алматы | +27...+25 | +22...+20 | |
| Павлодар | +12...+10 | +12...+10 |



Поклонники сети Facebook склонны к самолюбованию
Парламентская демократия для России - катастрофа
Мақалаға қатысты пікірлер: