Ғалымбек ЕЛУБАЙҰЛЫ: Өмірдің үшінші маусымы

Ғалымбек ЕЛУБАЙҰЛЫ: Өмірдің үшінші маусымы

(әңгіме)

Ширек ғасырлық бейбіт өмірдің мылтықсыз май­данынан қалжырап келе жатты жалғыз Адам. Бәзбір шығармалардағыдай самайын қырау шалып, жүзін өрмекші торындай әжім торламай-ақ, жүрегі қартайып, жанары лайланған жат жұрт­тық...

Алыстан қарауытып көрінген қара таулар мен көзкөрім иек астындағы жусанды белегірге Ай нұры әлсіз себезгілейді. Алтынды таудың ұшар басынан бұлақ болып жосылып, өзен болып қо­сы­лып ағар кәрі Ертіс бүгінде шырдақтап жатыр. Өзен танабындағы асау тау суы малталаған түйе тас­тар бағзы бір ғасырлардағы ертегідей ерлігінің мо­ласы секілді жеті қат көктен құлаған Ай сәуле­сімен мұңая жалтырайды. Адам өз жүрегінен де осындай арманды, арнасы таязыған бостықты сезінгендей жан дүниесі қалтырай жөнелді. Сонау бір иесіз тас қыстаулардың алдында лаулата от жа­ғып, сәл ғана шараптың қызуымен «Ай нұры» немесе «Тамшы» туралы әуенді түн тыныштығын бұз­бай шытырлап жанған тау аршасы, байғыз үні­мен қоса әрлеп, сол бір аңызға лайық есіл елесті ал­дына алып әлдилеп отырар жалғыздығын сағын­ғандай. Бұлар жаққан отқа қаймыға үрке келіп, желкесінен үңіліп отырар қасіреті де тәп-тәтті еді. Уылжыған жас секілді еді. Қартайып кетіпті...
Жастықтың он жетінші көктемінде өзі асыраған үкі балапанының үлпілдек майда қауырсынындай үміті де мүйізгек. Сол мүйізгектелген улы үміті ендігі бір сәтте үркек қасіретінің қолдарына айналып, мұның жанын аяусыз өшіге тырналап жатыр.
Қаңыраған жағалауда қарақшыдай қалқиып тұрған жалғыз жаяу көкірегін кере күрсінді. Тәні­нен бұрын шаршаған рух сүлдесі де жарық дүниеге жанымен жағаласып туған жалғыздығымен иық­тасып, адамдар «тағдыр» деп атаған иір-қиыр өмір сүрлеуінен сыр суыртпақтай жөнелді.
Әуелі мұның санасын нұрландырған жалғыз Көктем... Қас-қағым сәт. Кірпігі кідіргенде жанарынан жылыса қалатын тамшы шықтай бір үзік өткінші елес қана. Сондағысы: құзырына құдіреті жеткен құс пен Ай сәулесі ғана қонақтар қызыл жартасты көне қыстау. Жусан исі бұрқыраған сол бір қыстаудың көмейінен мүлгіген тыныштықтың шырқын бұзған, қу дөдегедегі шиқылдаған қу бесікке қарап, періште тектес жәудір қыз селк ете түскен болатын. Өшкен ошақ иен жұртта бір кездегі қонышынан ермен бүрі төгілген аңғал-саңғал қойшы күрсінісі мен тас ошаққа шай қай­на­тып жүрген қойшы әйелінің күңкілі... Әлде, қырқынан шықпаған, ғұмыры қысқа сәбидің шырылындай бір елес кезіп жүргендей болған...
Адамның санасын лаулап жанған тау арша­сының түтіні тұмандатып жібергендей болды.
- Аға, - деген сонда, ұйқылы-ояу халде отқа қарап мәңгіріп отырған бала Қыз. - Бұл қыстаудың салынғанына қанша жыл болды екен?!
- Жүз жыл... Мүмкін, одан да ұзақ...
- Бүгін шешеме тұңғыш рет өтірік айттым, - деді Қыз жанары жасаурап. Бұл тырс етіп тіс жармады. Бар болғаны онсыз да маздап тұрған отқа отын үстемелей берген.
Кейін білгені, сол түні Қыз ерніндегі екі аяқтының еншісіне тие бермес елжіреген ерке тазалықты буындырып өлтіріпті.
Оның санасын сансыратқан жалғыз қыс. Дәл қазір өзі тұрған өзен жағалауына жақын орналас­қан шағын қалашықтың сырт жағындағы Алтайдың аязы аймалап, анда-санда тау ішін азан-қазан қылар бөрі бораны тапалаған қар айдынның бетімен зиратқа келген. Күміс қармен шағылысып, айнадай жарқыраған айлы түн еді. Сол жолы ғой, қаланың еріккен балалары мола ішін бойлай өскен қурайларға жасырып тұрған қыл тұзақта балаша шырқырап тұрған әппақ қояндарды көргені. Жастықтың ең ауыр қиямет күнәсін қар астына жерлеп, өксіп отырған Қызды да сонда жолықтырған. Мұнысы да бекершілік екен. Бейкүнә жаратылысты жылата алған адам сорлы жұбатуға жарамады. Тым құрығанда тағдыр тұзағында қылқынып тұрған бейуаздарды босатып алып, бауырына да баспапты.
Қасат қарды сықырлата басып, келген ізімен ұзай берген. Бірақ, ақ, адал рух сүлдесі обал арқалап сонда мәңгілікке қалып қойыпты.
Одан кейінгі бейтаныс өлкедегі өмір сапарында естелік қып айтар ештеңе болмағандай. Тек, әр түні түсіне мола ішіндегі мұзға айналған жанары қарақаттай аппақ қояндар ғана кіріп жүреді.
Өткенге алып баратын тек қана Өкініш екен.
Алыс қыстауда тағы бір от жылтырайды.
«Өкініш!», - деп айқай салды Адам. Бұл - ширек ғасыр түс көріп, шошып оянған адамның түсі еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста