Қабдеш Жұмаділов: "Cәйгүліктер"

Қабдеш Жұмаділов: "Cәйгүліктер"

Повесть

СӘЙГҮЛІКТЕР
Арудан асқан жар бap ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма.
Биенің сүті сары бал,
Қымыздан асқан дәм бар ма?!
(Ақтамберді жырау — XVIII ғасыр)


Атты артық көрген елміз мінген тақтан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан.
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,
Қашан да қазақ халқы жылқы баққан.
(Ілияс Жансүгіров — XX ғасыр)

I
Шығыс көкжиектен доғадай иілген алтын садақ керіліп, дүние құланиектеніп сәл тұрды да, кенет дірілдеп толқыған көгілдір сәуле сабадан ақтарылған саумалдай Алатау жотасынан аса, лықсып төгіліп кетті. Сол - ақ мұң екен, батысқа қарай лап қойған мың-сан нұр жебесі түн көрпесін шұрқ - шұрқ тесіп, іргесі бұзылып, ыдырай қашқан қара бояу терең құз - шатқалдарға, арбиған арша түптеріне барып тығылды. Онда да ұзақ тұрақтай алған жоқ, енді міне, салқын сайларға шыпылдап толып алған қою көлеңкелердің де түсі қашып, тесік астауға құйған судай, кемерінен түсіп, азайып барады.
Жылқылы ауылдан таңмен таласа атқа қонған Ағыбай, биік тұрғылар басын шұғыла шалып, алтын сәукеле кие бастаған шақта, астындағы жіңішке

жиренді сипай қамшылап, Көксаланың кезеңіне көтерілген. Тақымына қыстырған құрығы бар, сақал-шашы түгелге жуық ағарып кеткен иір қара шал осы арада тізгін тартып аз-кем байырқалады: «Өлмеген кісіге тәңірінің тағы бір таңы атты - ау! — деді ішінен, қарсы алдынан самсап қоя берген адыр - қырларға сұқтана көз жіберіп. Бұл таңды көрген де бар, көрмеген де бар... Шіркін, жарық дүние - ай, саған пара-пар келетін не бар екен бұл тірлікте?!»
Жасынан мал көздеп үйренген көшпендінің дағдысы бойынша ер үстінде шірене көтеріліп, жан-жағына үңіле назар салды. Кеше іңірде ағытылған сауын биелер де, өрісте жатқан былайғы көп жылқы да көзіне түсе қоймады. Жердің оты қашқан сайын жылқы өрісі де шығандап барады. Қашанда шөптің сонысын, судың тұнығын талғайтын кірпияз жануарлар қой шиырлап тастаған ауыл маңын қалай місе тұтсын - ау, өзге түліктің аяғы жете бермейтін қашыққа тартып кетті ғой не қылса да. Осы болжамға бекіген жылқышы атын тебініп, Көксаланың күнгей бетін қапталдай жортып кетті.
Жайлауда ауыл-ауылдың арасы тым тығыз. Әр сайда, бастау - бұлақ бойларында жеке - дара тігілген шопан үйлері қылаң береді. Шопанның да түрлі-түрлісі бар ғой. Біреулері малын ертерек өргізіп, өріске беттетіп барады. Қойын қоршаудың ішіне қамап тастап, бастары іскенше ұйықтап жатқандар да ұшырасады. Күнде көріп жүрген Ағыбайға бұлардың тірлігі де жақсы таныс еді. «Мына сорлының суатқа сұғынып тым тақау отырғаны - ай! — деп қынжылды, бұлақтың бойына итініп тұрған киіз үйге көзі түсіп, — күндіз-түні көк қарын болып су ішкен малға шыр бітуші ме еді? Одан гөрі сонау бір мойнаққа барып қонса, кешкі суаттан соң өрге қарай өрістеген қойдың жаясына май жиналып, қоңдана түсер еді ғой... Бірақ, соны тектеп - тексеріп жатқан кім бар қазір. Қызыл ауыз қызғыштай бұлардың қайсысына жаман атты боларсың. Қолында билігі, басында мансабы бар біреу айтпаса, жай кісінің сөзіне күле қарайтын болды ғой бұл жұрт...»

Жыл өткен сайын жайлау да тарылып барады. Осынау алақандай Көксала мен Тайсойғанның сай-саласын қазір үш совхоздың малы жайлап отыр. Төңіректе мал аяғы тимеген, қой шиырламаған тоқымдай да жер қалған жоқ. Бір кезде бетегесі киіздей ұйысып, желкілдеп тұратын беткейлер, жота-жондар қазір әбден тұяқкесті болып, шибарқыттың жолындай таңдай - таңдай сүрлеуге айналған. Ал жылқылы ауылды қас қылғандай мына бір қой шиырының ортасына әкеліп қондыруы, басқаны былай қойғанда, мал төркініне обал тіпті: «Қой өрісіне жылқы жайғанды қай аталарыңнан көрдіңдер?

Материалдың толық нұсқасын "PDF" сілтемесіне басып оқи аласыздар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста